Мбаппеге атақты Пеле үн қатты

9 желтоқсан 2022 10:55
©sport.znaj.ua

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің қолдау сөзіне жауап жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Килиан Twitter желісінде "Патша үшін дұға етіп қойыңыздар" деп жазған еді.

Пеле жауап жазыпты: "Рахмет, Мбаппе. Сен менің кезекті рекордымды жаңартқаныңа қуаныштымын, досым!".

Еске салайық, Килиан 24 жасқа дейін әлем чемпионаттарында тоғыз гол салған жалғыз футболшы болып отыр. Мұның алдындағы рекорд Пеледе болған, 24 жасына дейін ол 7 гол салыпты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport