Мбаппеден асып түсті. 18 жастағы футболшы Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

16 қыркүйек 2021 10:58
©sport24.ru

Дортмундтық "Боруссияның" англиялық жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Чемпиондар лигасы тарихына кірді. 

18 жастағы ойыншы "Бешикташпен" Чемпиондар лигасы топтық кезеңдегі бірінші матчте (2:1) гол салды. 

OptaJoe мәліметінше, Беллингем (18 жас 78 күн) Килиан Мбаппенің (18 жас 85 күн) 2017 жылы "Монакомен" ойында жеткен рекордынан асып түсіп, Чемпиондар лигасында гол салған ең жас ойыншы атанды.

Сонымен қоса, Джуд Чемпиондар лигасы сырт алаңдағы матчте гол соққан ең жас англиялық футболшы болып отыр.

Биылғы маусымда Беллингем "Боруссия" үшін барлық турнирде жеті ойынға қатысып, екі гол сады және төрт нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport