| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:19
 

Мбаппе Ямальға қарсы. Бүгін ӘЧ-2026-ның бірінші финалисті анықталады

  Пікірлер

blog.share

Мбаппе Ямальға қарсы. Бүгін ӘЧ-2026-ның бірінші финалисті анықталады ©instagram.com/equipedefrance

Бүгін, 15 шілдеге қараған түні АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 20226 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жартылай финалдық матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 15 шілдеге қараған түні АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 20226 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жартылай финалдық матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Франция мен Испания финалға бірінші жолдаманы сарапқа салады

Финалға берілетін алғашқы жолдама үшін Франция мен Испания құрамалары бақ сынайды. Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан "ЭйТи-энд-Ти Стэдиум" аренасында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Бұл кездесудің басты интригаларының бірі – Испанияның әйгілі эль-класикосындағы қарсыластар, екі құраманың көшбасшылары Килиан Мбаппе мен Ламин Ямальдың текетіресі болмақ.

Командалар жартылай финалға қалай жетті?

Франция құрамасы плей-офф кезеңінің үш сатысынан да сенімді өтті. 1/16 финалда Швецияны 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, 1/8 финалда Парагвайды 1:0 есебімен ұтты. Ал ширек финалда Мароккодан 2:0 есебімен басым түсті.

Испания да турнирде әзірге жеңіліс көрген жоқ. Плей-оффтың алғашқы кезеңінде "Қызыл фурия" Аустрияны 3:0 есебімен ұтты. Кейін 1:0 есебімен Португалияны жарыс жолынан шығарса, ширек финалда Бельгияны 2:1 есебімен ұтқан еді.

Жеңімпаз кіммен кездеседі?

Франция – Испания кездесуінің жеңімпазы әлем чемпионатының алғашқы финалисі атанады.

Екінші жартылай финалда, бір күннен кейін, финалдың екінші жолдамасы үшін Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі.

Еске салайық, әлем чемпионаты-2026 11 маусымда басталды. Турнирдің финалы 19 шілде күні өтеді.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!