Футбол
Кеше 22:05

Мбаппе Ямальға қарсы! ӘЧ-2026 жартылай финалының бірінші жұбы белгілі

©instagram.com/equipedefrance

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық жұбы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финал жолдамасы үшін Франция мен Испания құрамалары таласады.


Франциялықтар жартылай финалға алғаш болып жолдама алды. Дидье Дешам шәкірттері ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен сенімді ұтты.

Ал бұл жұптағы екінші қатысушы Испания мен Бельгия арасындағы матчтан кейін анықталды. Луис де ла Фуэнте жаттықтыратын Испания құрамасы қарсыласын 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.

Франция мен Испания арасындағы жартылай финалдық кездесу АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 15 шілдеде сағат 00:00-де басталады.

Екінші жартылай финалдық жұп Норвегия – Англия және Аргентина – Швейцария матчтарының қорытындысы бойынша анықталады.

Еске салайық, қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport