Жапонияда франиялық ПСЖ мен саудиялық "Әл-Наср" арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осакада өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында ПСЖ-да анық басымдық бар деп саналғандықтан тең ойын күтпеген нәтиже болды.
Криштиану Роналду алаңға "Әл-Насрдың" негізгі құрамымен шықты да, 66-минутта алмастырылды.
Ал ПСЖ-ның мықты ойыншысы Килиан Мбаппе клуб басшылығымен алауыздыққа байланысты азиялық турнеге бара алмай қалды. Алайда париждіктер сапында Килаинның інісі 16 жастағы Этан Мбаппе ойнады.