Мадридтік "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе португалиялық Криштиану Роналдумен достығы туралы айтып берді.
"Криштиану Роналдуды бала күнімде пір тұтатынмын, ал қазір ол менің досым - осы жағынан менің жолым болды. Ол маған көп кеңес береді, бұл деген ерекше артықшылық.
Ол үнемі тер төгіп, ойынмен байланысты үзбеуге кеңес береді. Оған Еурода қиын болғанын білемін. Бірақ ол - аңыз екенін ешкім жоққа шығара алмайды", - дейді Мбаппе "Реалға" таныстыру кезінде.