Футбол
Кеше 09:25

Мбаппе рекорд орнатты. Франция ӘЧ-нің плей-офф кезеңіне өтіп отыр

©Equipe de France

Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының матчінде Иракты ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

I тобының екінші туры аясындағы кездесу АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Кездесуде дубль авторы атанған Килиан Мбаппе әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергендер үштігіне еніп, 30 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Франция құрамасының матч саны бойынша рекордын жаңартты.

Мбаппе ойынның 14-минутында Майкл Олисенің пасынан кейін айып алаңының бұрышынан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды. Бірінші тайм француздардың 1:0 есебіндегі басымдығымен аяқталды.

Одан кейін ауа райының қолайсыздығына байланысты матч екі сағатқа жуық уақытқа тоқтатылды.

54-минутта Усман Дембеле нәтижелі пас беріп, Мбаппе жақын қашықтықтан қақпашыны қапы қалдырып, дубль жасады.

Ал 66-минутта Дембеле өзі де мергендер қатарына қосылды. Бұл жолы Майкл Олисе екінші нәтижелі пасын өз еншісіне жазды.


Осылайша, Франция құрамасы екі матчтан кейін алты ұпай жинап, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Айта кетейік, I тобындағы тағы бір кездесуде Норвегия Сенегалды ұтса, екінші турдың қорытындысы бойынша келесі кезеңге шығу мәселесін де шешуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport