Футбол
3 желтоқсан 16:01

Мбаппе "Реалға" Клопптың келуіне қарсы шықты. Ол өз "адамын" ұсынып отыр

©x.com/realmadrid/

Мадридтік "Реалда" бірқатар сәтсіз нәтижелерден кейін бапкерге байланысты үлкен шиеленіс туындап отыр, осының салдарынан бапкерді ауыстыру жөнінде талқылаулар күшеуді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сәтсіз матчтер сериясы Хаби Алонсоға қысым түсіріп, клуб басшылығы "Ливерпульдің" бұрынғы бас бапкері Юрген Клоппты шақыру мүмкіндігін жиі талқылай бастады. Алайда команда ішінде бұл идеяға мықты қарсылас пайда болды - Килиан Мбаппе.

El Nacional мәліметінше, франциялық жұлдыз неміс маманының "Реалды" жаттықтыруына мүлде қарсы. Оның орнына Мбаппе команданы басқаруға тамаша кандидат ретінде Зинедин Зиданды ұсынып отыр әрі оны өзі үшін де, клуб үшін де ең, қолайлы маман деп санайды.

Мбаппе дәл Зиданмен жұмыс істегенде өзінің толық әлеуетін аша алады және өз стиліне барынша сай келетін ойын жүйесінде өнер көрсететініне сенімді.

Қазір Мадридте мүдделер қақтығысы пайда болуда: клуб президенті Флорентино Перес Алонсоның мұрагері ретінде Клоппты қарастырып отыр, ал команданың басты жұлдызы неміс маманының келуін мүлде қаламайтынын айқын білдіруде.

Айта кетейік, Мбаппенің Зиданға деген қызығушылығы бекер емес: франциялық аңыз "Реалды" екі рет басқарды - 2016–2018 және 2019–2021 жылдары. Бұл кезеңде Зиданның жетекішілігмен команда Чемпиондар лигасын үш рет және Ла Лиганы екі мәрте ұтқан, осылай қазіргі дәуірдің ең табысты ұжымдарының бірін қалыптастырған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport