Мбаппе "Реалға" қарсы ойнамайды

13 қыркүйек 2019 15:00
RT
Париждің ПСЖ клубы Чемпиондар лигасының бірінші турында Мадридтің "Реалымен" ойнайды. Бұл ойынға команда үздіктерінің бірі Килиан Мбаппе қатыса алмайды, - деп жазады Le Parisien.

20 жастағы ойыншы "Тулузаға" қарсы ойында алған жарақат алған. Қазір сауығу үстінде. 18 қыркүйекке дейін құлан-таза айығып кете алмайды екен.

Осыған дейін Эдинсон Кавани негізгі топқа қосылып жаттығуын бастаған еді. Ол мадридтік командаға қарсы ойынға шығуы мүмкін.
Метки:
Жаңалықтар