Мбаппе "Реалға" ауыспайтын болды

©smartpress

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе "Реалға" ауыспайтын болды, деп жазады Чемпионат басылымы. Себебі "корольдік" клуб француз шабуылшысының орнына басқа ойыншы алуды көздеп отыр.

Осыған дейін 23 жастағы форвард париждіктерден басқа командаға кеткісі келетіндігі туралы ақпарат тараған еді. Ал алғашында "бланкос" Килиан Мбаппемен келіссөздер жүргізуге қызығушылық танытқан. 

Енді 2018 жылғы әлем чемпионын "Ливерпуль" қатарына қосуы мүмкін.

Биыл Мбаппе ПСЖ клубымен 2025 жылға дейін келісімшартын ұзартты. Шабуылшының трансферлік құны 160 миллион еуроны құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport