Мбаппе "Реалдан" ұтылған соң "корольдік" клубқа ауысуға дайын

©Global Look Press

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Реал" мен "ПСЖ" арасындағы қарымта матчтан кейін "корольдік" клубқа ауысуға жақын, деп жазады Marca басылымы.

Екінші кездесуде Карло Анчелотти командасының сапында Карим Бензема хет-трик жасап, қос матчтың қорытындысы бойынша "бланкос" ширек финалға жолдама алды.

"ПСЖ" форвардына әйгілі "Сантьяго Бернабеу" стадионы ұнаған. Оның үстіне қарсылас команда ойыншылары француз футболшысына құрмет көрсеткен. Сонымен қатар, испаниялық жанкүйерлер де 23 жастағы форвардтың көңілінен шыққан. 

Еске салайық, Мбаппенің қазіргі таңдағы трансферлік құны 160 миллион еуроны құрайды. Футболшының париждіктермен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport