Мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе командадан кетуі мүмкін деген қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
27 жастағы франциялық футболшы жарақатынан кейін "корольдік клуб" сапына қайта оралып, Испания чемпионатының 36-турындағы "Овьедо" командасына қарсы матчта (2:0) нәтижелі пас авторы атанды.
Ойыннан кейін Мбаппе өзінің Реал Мадрид сапындағы жағдайына толық көңілі толатынын жеткізді.
"Маған Мадридте өте жақсы. Неге кетуім керек?", - деп береді Мбаппенің сөзін Marca.
Килиан Мбаппе "Реалға" 2024 жылдың жазында "Пари Сен-Жермен" сапында өткізген жеті маусымнан кейін ауысып келген болатын.
Биылғы маусымда шабуылшы барлық турнирде 42 матч өткізіп, 41 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Оның мадридтік клубпен жасалған келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды.
Айта кетейік, "Овьедоны" 2:0 есебімен ұтқаннан кейін "Реал" Ла Лига маусымы аяқталуына екі тур қалғанда екінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Ал Испания чемпионы атағын каталониялық "Барселона" мерзімінен бұрын жеңіп алды.
Жарнама