"Реалдың" жаңа бас бапкері Альваро Арбелоа мадридтік клубтағы алғашқы жаттығуын өткізді, алайда, оған негізгі құрамдағы бірқатар ойыншылар қатысқан жоқ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олар Антонио Рюдигер, Ферлан Менди және Трент Александр-Арнольдқа, сондай-ақ шабуылшылар Родриго мен Килиан Мбаппе.
"Корольдік клубтың" баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ойыншылардың барлығы жарақаттан кейін қалпына келуін жалғастырып жатыр. Сондықтан олар командадан бөлек дайындалды.
Сонымен қатар, бразилиялық қорғаушы Эдер Милитао да әлі сауығып жатыр.
"Реал" келесі ойынын 14 қаңтарда өткізеді - Испания Кубогының 1/8 финалында елдің екінші деңгейлі лигасында ойнайтын "Альбасетемен" кездеседі. Бұл матч Арбелоа үшін клуб тізгініндегі дебюттік ойын болмақ.
12 қаңтарда "Реал" Хаби Алонсоның отставкаға кеткенін және Альваро Арбелоаның жаңа бас бапкер болып тағайындалғанын ресми түрде хабарлаған еді.
Алонсо "Реалды" 2025 жылдың жазынан бері жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда барлық турнирде 34 матч өткізіп, 24 жеңіске жетті, төрт рет тең ойнады және алты рет ұтылды.