Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Франциялық футболшы "корольдік клуб" тарихында алғашқы екі маусымында 86 гол соққан екінші ойыншы атанды. Өткен маусымда Мбаппе барлық ресми турнирде 44 гол соқса, биылғы маусымда 42 мәрте мергендік танытты.
Бұған дейін дәл осындай нәтижені "Реал" сапындағы алғашқы екі маусымында тек Криштиану Роналду ғана көрсеткен болатын. Португалиялық шабуылшы 2009/10 жылғы маусымда 33 гол, ал 2010/11 жылғы маусымда 53 гол соққан.
Сонымен қатар, Мбаппе қатарынан екінші рет Ла Лиганың үздік сұрмергені атанды. Өткен маусымда ол Испания чемпионатында 31 гол соқса, биыл 25 голмен маусымды аяқтады.
Kylian Mbappé (44 en 2024/25, 42 en 2025/26) devient le 2e joueur de l'histoire à inscrire 86 buts lors de ses 2 premières saisons avec le Real Madrid en compétition officielle après Cristiano Ronaldo (33 en 2009/10, 53 en 2010/11). #RealMadridAthleticBilbao
— Stats Foot (@Statsdufoot) May 23, 2026
Еске салайық, Мбаппе "Реал" клубына 2024 жылдың жазында "Пари Сен-Жерменнен" ауысқан еді. Франциялық форвард Париж клубында жеті маусым өткізді.
Айта кетейік, биылғы маусымды мадридтік клуб жүлдесіз аяқтап, чемпиондықты "Барселонаға" беріп қойды.
Жарнама