Мбаппе "Реалда" қай позицияда ойнайтыны белгілі болды

©ПСЖ

AS мәліметінше, Килиан Мбаппе "Реал" сапына өткен жағдайда сол қапталда ойнай алмайды екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет бойынша, мадридтік клубта Винисиус Жуниормен жақсы түсіністік пен сыйластық бар. Бұл футболшының алаңдағы позициясына да әсерін тигізуде: егер "Реал" Мбаппені сапына қосса, франциялық шабуылшы сол қапталдан өзге барлық жерде ойнай береді. Өйткені бұл орын Винисиусқа тиесілі. 

Бразилиялық ойыншы былтыр "Реалмен" келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан. Алайда клуб жаңа келісімшарт туралы ресми хабарлаған жоқ. 

Ла Лиганың өткен маусымында Винисиус 33 матча он гол салып, тоғыз ассист жасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport