Футбол
Бүгін 10:05

Мбаппе "Реал" үшін маусымдағы алғашқы хет-тригін жасады

©"Реал Мадрид" ФК

Мадридтік "Реал" Испания Ла Лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы тур матчында "Реал Сосьедадты" 4:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесудің басты қаһарманы Килиан Мбаппе болды.

Франциялық шабуылшы 40-минутта есеп ашты. Алайда алаң иелері көп күттірмей жауап берді. 44-минутта "Реал Сосьедадтың" жартылай қорғаушысы Лука Сучич есепті теңестірді.

Екінші таймда Мбаппе 60-минутта тағы да мергендік танытып, "Реалды" қайтадан алға шығарды. Арада сегіз минут өткенде Винисиус Жуниор мадридтік клубтың басымдығын арттырды. Ал 80-минутта Мбаппе үшінші голын соғып, матч есебіне нүкте қойды.

Бұл Мбаппенің жаңа маусымдағы алғашқы хет-тригі болды. Франциялық шабуылшы "Реал" сапында осы уақытқа дейін 105 матч өткізіп, 89 гол соққан және 12 нәтижелі пас берген.

Келесі турда "Реал" 30 тамызда өз алаңында "Малагамен" ойнайды. Ал "Реал Сосьедад" бір күн бұрын "Эспаньолмен" кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін өткен екінші турдың матчында "Реал" сырт алаңда "Эспаньолды" ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport