Мбаппе ПСЖ-дан кететінін жоққа шығарды

©ПСЖ

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ары қарай да ПСЖ сапында ойнай бермек. Мән-жайды инсайдер Фабрицио Романо өзінің твиттер желісінде жазды, деп хабарлайды Vesti.kz

"Келісімшартты ұзартпай, клубта неге қала бермек екенімді түсіндіру? Мұнда түсіндіретін ештеңе жоқ. Адамдар не болса, соны айта береді. Олардың қолында ақпарат жоқ. Не істеп жатқанымды және оны неге істеп жатқанымды білемін, нені, не үшін айтып жатқанымды да білемін. Мен клубқа хат жолдадым, одан бері қанша уақыт өтті, ол халықаралық үзіліс кезінде емес еді. Менің олай етуге өз себептерім болды", - деп береді Мбаппенің сөзін Романо. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport