"Пари Сен‑Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе клуб басшылығынан бразилиялық форвард Неймарды сатуды сұрап отыр, деп хабарлайды "Матч ТВ" арнасы Get French Football News басылымына сілтеме жасап.
Ойыншылар арасы бұзылып, достықтары тоқтағанға ұқсайды. Мбаппе бес жылда Неймарда көп дүние үйренгенін мойындайды. Алайда енді футболдағы шеберлігін Мессимен арттырғысы келеді екен.
Мбаппе мен Неймар арасы командада пенальти орындауға бекітілген футболшының жоқтығынан да шиеленісіп барады. "Монпельемен" матчте (5:2) Килиан 11 метрлік айып добын соға алмаған, ал Неймар сәтті орындаған еді.
Мәлімет бойынша, франциялық футболшының командасы Неймардан құтылуды былтырдан бері сұрап келеді.