Мбаппе өзін "дуалаған" Погбаға қатысты пікір білдірді

©JOSE A. GARCÍA

ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ұлттық құрама сапындағы командаласы Поль Погбаның дуалады деген сыбысына қатысты пікір білдірді. 

Осыған дейін Погба тәуіптердің көмегімен Килиан Мбаппені дуалады деген ақпарат шыққан еді. Қазір бұл мәселе тексеріліп жатыр. Егер Погбаның кінәсі анықталса, ол құрамадан шеттетіледі. 

"Мен құрамадағы командаласымның сөзіне сенуді жөн көремін. Погбаның сөзі мен оның ағасының сөзі. Кімге сену керек. Мен Погбаға сенемін. Бұл жағдайға қазір көп назар аударудың қажеті жоқ. Осы жағдайға мен қатты көңіл бөлмеймін", - деп келтіреді Мбаппенің сөзін Get French Football News порталы. 

Еске салайық, осыған дейін қылмыстық топ Погбадан 13 миллион еуро талап еткені айтылды. Қылмыскерлердің қатарында Погба өзінің туған ағасы Матиас бар екенін де айтты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар