Мбаппе Нұр-Cұлтанға келе жатыр. Франция Қазақстанмен болатын кездесуге әлемдегі ең қымбат ойыншыны алып келеді.

Килиан Мбаппе. Фото: getfootballnewsfrance.com©️

"Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Қазақстанға қарсы ойында Франция құрамасының қатарына кірді,- деп хабарлайды Vesti.kz. 

2022 жылғы әлем чемипионатының іріктеу ойыны Нұр-Сұлтан қаласында, алдағы жексенбі 28 наурыз күні өтеді. Ертең, 27 наурызда қонақтар ойын алдындағы жаттығу жұмыстарын "Астана Аренада" өткізетін болады. 

Осыдан бұрын Француз лигасы мен клубтардың ойыншыларды құраманың ЕуроОдақ сыртында өткізетін матчтарына жібермеу туралы келісімі нәтижесінде Мбаппе Қазақстанға келмейді деген ақпарат тараған болатын. 

Алайда, көріп отырғанымыздай ұлттық құрама өзінің жұлдызды ойыншысына мұқтаж тәрізді. Франция құрамасының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Мбаппенің "Эвертон" командасының қорғаушысы Люки Динь және "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Адриен Рабьемен түскен суретін жарияланды. 

"Қазақстанға аттанып барамыз", - дейді сурет астындағы жазу. 

Естеріңізге сала кетейік, "Астана Аренадағы" бұл ойын Қазақстан үшін 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарының алғашқысы болмақ. Франция осыған дейін өз алаңында Украинаны қабылдап, ойын сенсациялық түрде 1:1 нәтижесімен аяқталған еді. Ал 22 жастағы  Мбаппе өткен жазда әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде мойындалған болатын.