Футбол
Бүгін 09:42

Мбаппе мен Винисиустың голы "Реалға" жеңіс сыйлады

©"Реал Мадрид" ФК

"Реал Мадрид" Испания чемпионатының 33-туры аясында "Алавес" командасын ұтып, сәтсіз сериясын тоқтатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Мадридтік клуб сапында Килиан Мбаппе (30-минут) мен Винисиус Жуниор (50-минут) гол соқты. Қонақтар құрамынан Тони Мартинес 90+3 минутта мергендік танытты.

Осылайша, "Реал Мадрид" соңғы бес матчта алғаш рет жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін команда үш рет жеңіліп, бір ойында тең түскен еді. 

32 матчтан кейін "корольдік клуб" 73 ұпай жинап, Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Мадридтік клуб көш бастап тұрған "Барселонадан" 6 ұпайға қалып келеді, әрі каталониялықтардың бір ойыны кем.

Ал "Алавес" 33 ұпаймен 17-орында орналасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport