Мбаппе мен Роналду алаңға шығады. Еуродағы плей-офф матчтеріне тарнсляция

©instagram.com/equipedefrance

Бүгін, 1 шілдеде Еуро-2024 турнирінің 1/8 финал кезеңіндегі екі матчі өтеді. 

Бірінші болып алаңға Франция мен Бельгия шығады. Кездесу Дюссельдорфтегі "Меркур Шпиль-Арена" стадионында өтеді және оған швециялық Гленн Нюберг төрелік етеді. Басталуы Астана уақытымен 21:00. 

Одан кейін Франкфурт-на-Майнедегі "Дойче Банк Парк" стадионында Португалия мен Словения ойнайды. Қазақстан уақытымен 00:00-де басталатын матч италиялық Даниэле Орсато төрелігімен өтеді. 

Бұл кездесулердің жеңімпаздары 5 шілде Гамбургте ширек финалдық матчте ойнайды. 

Екі ойынды да Qazsport арансынан тамашалауға болады, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Бұған дейінгі 1/8 финал ойындарының қорытындысы:

Швейцария - Италия 2:0;

Германия - Дания 2:0;

Англия - Словакия 2:1;

Испания - Грузия - 4:1.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport