"Мбаппе мен Рамостан мықты". Исламхан әлем чемпиондарынан басып озды

Бауыржан Исламхан. Сурет: ҚФФ©
SofaScore сараптамалық порталы Еуро-2020 іріктеу турнирінің төртінші турындағы аптаның символикалық командасын құрды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оған Қазақстан құрамасының екі футболшысы кірді - ең жоғары (10) ұпай жинаған капитан Бауыржан Исламхан және қорғаушы Гафуржан Суюмбаев (9,2). Өткен турда екі футболшы да Сан-Мариноны (4:0) талқандауға қатысып, бір-бір голдан соғып, бір-бір ассист жасады. 

Апта командасында Исламхан әлем чемпионы франциялық Килиан Мбаппе (9,1), германиялық Марко Ройс (9,2), словакиялық Марек Гамшик (9,1), словениялық Йосип Иличич (9,6) және испаниялық Серхио Рамостан (8,4) асып түсіп, ең мықты ойыншы атанды.

Ойыншылар рейтингінде Исламхан (8.50) бесінші орында, мұнда да ол Денис Черышев (Ресей, 8.40), Антуан Гризманн (Франция, 8.33), Кевин де Брюйне (Бельгия, 8.25), Марко Верратти (Италия, 8.23), Кристиан Эриксен (Дания, 8.07)  және тағы да басқа атақты ойыншылардан асып түскен.

Айта кетейік, Қазақстан төрт тур қорытындысы бойынша I тобында алты ұпаймен үшінші келеді. Бірінші орында Бельгия (12) ,одан кейін - Ресей (9).

 
    Team of the Week provided by Sofascore LiveScore