Мбаппе Мадридтен үй іздеуде

Килиан Мбаппе. Фото: Reuters©

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе кәсіби мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы "Матч ТВ" Goal.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлімдеді. 

Француз ойыншысы өз жақындарына Мадридтен үй табуға тапсырма берген. Жуырда ғана БАҚ бетінде мадридтік "Реал" клубының 22 жастағы шабуылшыға көз тігіп отырғандығы туралы ақпарат тараған еді..

Алайда дереккөз үйдің сатып алынуы ойыншының мадридтік клубқа ауысуына ғана байланысты дегенді білдірмейтінін ескертеді. 

Мбаппенің ПСЖ клубымен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Осы маусымда ол барлық сайыстарда 41 ойын өткізіп, 35 голдың және 10 сәтті пастың авторы атанды.