Мбаппе Лионель Мессиге тамсанды

24 желтоқсан 2019 12:15
© ua-football.com
ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе өткен маусымдағы "Барселона" форварды Лионель Мессимен "Алтын бутса" үшін тартысын есіне алды, - деп хабарлайды Sports.ru.

"Өткен маусымда оның аяқталуын тыныш қана күтпей, өзімнен асып түсуге тырыстым. Содан кейін Еуропаның үздік бомбардирі атағын жеңіп алуға тырысып көруіме болатынымды түсіндім. Бірақ онда Месси бар еді. Мен екеу салсам, ол үшеу соғады, мен - үш, ол - төрт!

Мұның кереметтілігін Усманмен талқылағанмын: "Бұл мүмкін емес, мұны әдейі жасай ма? Ол менің қанша гол салғанымды бақылап жүре ме? Оның жауабы: "Әрине, Месси сені қадағалап жүреді". Сол кезде өзіме "иә, Месси мені сыртымнан тамашалап жүр..." деген едім. Мұндай ойыншы мені көзге ілетіні тамаша ғой", - дейді Мбаппе France Football басылымына берген сұхбатында.