Мадридтік "Реалдың" франциялық шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатында "Расингтің" қақпасына гол соқты да, бірегей жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мбаппенің бірегей жетістігіOptaJose мәліметінше, францилық футболшы Испания чемпионатында қарсылас болған 24 команданың барлығының қақпасына гол соққан. Қазіргі уақытта оның Ла Лигадағы голдарының саны 68-ге жетті.
Сонымен қатар Мбаппе пенальтиден 18 гол соққан. 2024/25 жылғы маусымның басынан бері Ла Лигада 11 метрлік айып добынан одан көп гол соққан футболшы жоқ. Анте Будимирдің де еншісінде 18 гол бар.
"Реалдың" Ла Лигадағы жеңісіЕске салайық, Испания чемпионатының 11-туры аясында "Реал" сырт алаңда "Расингті" 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Мбаппе 11-минутта пенальтиден есеп ашты. Кейін мадридтік команданың басымдығын Джуд Беллингем (21-минут) мен Ян Диоманде (36-минут) еселей түсті.
"Реал" 27 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Жозе Моуринью шәкірттері Ла Лигадағы келесі кездесуін 7 қарашада сырт алаңда "Валенсияға" қарсы өткізеді.