Мбаппе Криштиану Роналдудуан асып түсті

©instagram.com/psg

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе биылдыққа 49-голын салды, осылай франциялық ойыншы ең үздік сұрмергендер тізімінде Кариштиану Роналдудан асып түсіп отыр, деп жазады Vesti.kz.

Франция чемпионатындағы "Гаврмен" ойында (2:0) Мбаппе есеп ашты. Бұл оның чемпионаттағы 15-голы, осы арқылы Килиан Лига 1-де көшбасшылығын нықтап алды. Өйткені ол екінші орындағы "Монпельедегі" Акор Адамстан сегіз гол озып отыр. 

Осылайша, Мбаппе 2023 жылы голдар саны бойынша (клуб және құрама үшін) мюнхендік "Бавария" шабулышысы Харри Кейнді қуып жетті (49). Енді бұлардан тек "Манчестер Ситидің" норвегиялық форварды Эрлинг Холанд қана асып тұр (50).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport