Футбол
2 қазан 09:49

Мбаппе "Қайраттың" деңгейі қандай екенін айтты

©"Қайрат" ФК

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турындағы матчтен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Алматыда өтті және "Реалдың" жеңісімен аяқталды - 5:0. Килиан Мбаппе бұл матчте хет-трик авторы атанды.

- Сіз Чемпиондар лигасындағы 60-гол межесіне жеттіңіз. Бұл туралы не ойлайсыз?

- Мен бұған мақтанамын. Әрине бұл маңызды көрсеткіш, бірақ, менің алдымда әлі де көптеген ойыншылар бар, сондықтан одан да көп гол соғуым керек. Ең бастысы – командаға көмектесу. Біз демалыс күндері дербиде жеңілгенбіз, сондықтан бұл жеңіс бізге керек болды. Мадридке үш ұпаймен оралу – маңызды мақсаттың орындалуы.

- Сіз алғаш рет Алматыда, қазақстандық клубқа қарсы ойнадыңыз. Не таңқалдырды?

- Олар – сапалы команда. Чемпиондар лигасында мұндай ұжымдардың болуы – жақсы белгі. Бұл турнирдің белгілі бір деңгейі бар барша клубтарға ашық екенін көрсетеді. Иә, біз үшін жол алыс, бірақ, бұл елді алғаш көру, осында болу өте жақсы әсер қалдырды.

Жанкүйерлердің қолдауы ерекше ұнады. Бұл – керемет болды. Мен үшін бұл тамаша тәжірибе, – деді Мбаппе УЕФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске салайық, бұл жеңіс "Реалдың" Чемпиондар лигасындағы екінші жеңісі болды. Ал Алматылық "Қайрат" екінші рет ұтылды: алғашқы турда команда Лиссабонда "Спортингке" 1:4 есебімен есе жіберген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport