Футбол
30 қыркүйек 09:05

Мбаппе "Қайратпен" матчқа негізгі ойыншыны қоспауды сұрады

©x.com/realmadriden

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы "Қайратқа" қарсы өтетін матч қарсаңында Мадридтік "Реал" командасында Килиан Мбаппе басты талқыға айналды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Негізгі ойыншының дайындығына командаластар күмәндануда

Don Balon басылымының жазуынша, франциялық шабуылшы бірқатар командаласымен бірге Джуд Беллингемді бастапқы құрамға қоспау керек деген пікір білдірген. Олардың айтуынша, иығына жасалған операциядан кейін англиялық жартылай қорғаушы әлі де қажетті деңгейге жете алмаған.

Бұл әсіресе мадридтік дербиде, "Атлетикоға" қарсы ойында анық байқалды – Беллингем алаңда ауыр қозғалып, қорғаныста толыққанды ойнай алмады. Соның салдарынан "Реал" іс жүзінде он ойыншымен ойнағандай болған екен.

Мбаппе мен оның командаластары қазіргі жағдайында Беллингем командаға пайдадан гөрі зиян тигізіп жатыр деп есептейді. Сондықтан олар Хаби Алонсодан жартылай қорғаушыны әзірге ротациялық ойыншы етуді, яғни, екінші таймда ғана алаңға шығаруды сұрап отыр – бұл кезде ойынау әлдеқайда жеңіл болады.

"Қайратпен" матч Беллингем үшін нағыз сынақ болмақ

Джуд Беллингем әлі де "Реалдың" ең талантты ойыншыларының бірі саналады және клуб оның жақын арада бабына келеріне сенеді. Алайда Хаби Алонсо оған толық қалпына келуге уақыт береді ме, әлде негізгі құрамда қалдыра бере ме – бұл сұрақ әзірге жауапсыз.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте "Реал" алматылық "Қайратпен" ойнайды. Хаби Алонсо Алматыға 22 ойыншыны ала келген. Матч 21:45-те басталады.

2023/24 жылғы маусымда Джуд Беллингем 58 кездесуге қатысып, 15 гол мен 15 нәтижелі пас берді. Қазіргі таңда оның нарықтағы бағасы 180 миллион еуроны құрайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport