Британдық FourFourTwo журналы Франция тарихындағы ең үздік 10 футболшының рейтингін жариялады. Бір қызығы, жұлдызды шабуылшы Килиан Мбаппе бұл тізімге енбей қалды.
Рейтингтің көшін Зинедин Зидан бастап тұр. Ол мансабында "Бордо", "Ювентус" және "Реал Мадрид" клубтарында ойнаған.
Топ-10 тізімі:
- Зинедин Зидан ("Бордо", "Ювентус", "Реал")
- Тьерри Анри ("Монако", "Арсенал", "Барселона")
- Мишель Платини ("Нанси", "Сент-Этьен", "Ювентус")
- Патрик Виейра ("Арсенал", "Ювентус", "Интер")
- Эрик Кантона ("Манчестер Юнайтед")
- Лилиан Тюрам ("Монако", "Ювентус", "Барселона")
- Марсель Десайи ("Нант", "Милан", "Челси")
- Дидье Дешам ("Марсель", "Ювентус", "Челси")
- Жюст Фонтен ("Ницца", "Реймс")
- Нголо Канте ("Лестер", "Челси", "Фенербахче").
Айта кетейік, Килиан Мбаппе Франция құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардирлер тізімінде екінші орында тұр.
Жарнама