Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Қатардағы әлем чемпионатының финалынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Тартысты ойында жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде Аргентина құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Негізгі уақыт пен экстра-таймда қарсыластар үш голдан салды. Ал Мбаппе хет-трик авторы атанды.
"Біз ораламыз", - деп жазды Килиан твиттер парақшасында.
Еске салайық, ПСЖ форварды аталмыш турнирде сегіз гол соғып сұрмергендер көшін бастады.