Килиан Мбаппе мадридтік "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналду туралы пікір білдіріп, олардың арасындағы қарым-қатынас туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Франциялық футболшы португалиялық аңызға бұрыннан тәнті екенін жасырмай, онымен жылы әрі достық байланыста екенін айтты. Мбаппе үшін Роналду әлем футболының ең ірі тұлғаларының бірі және оның мансабына зор ықпал еткен адам болып қала береді екен.
“Криштиану енді менің досым. Мен әрқашан пір тұтқан адамның досы болған қандай керемет. Біз көп сөйлесеміз, ол маған "Реалдағы" алғашқы жылымда көмектесті. Бізде тамаша қарым-қатынас,” – деді Мбаппе.
Айта кетейік, Мбаппе 2024 жылдың жазында Пари Сен-Жермен клубынан еркін агент ретінде "Реалға" ауысқан болатын. Оның мадридтік клубпен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Осы маусымда франциялық шабуылшы барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 41 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.