ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе америкалық ESPN телеарнасының тұжырымы бойынша жылдың ең мықты футболшысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
30-шы рет өтіп отырған ESPY сыйлығын табыстау Лос-Анджелесте болды.
Мбаппемен қатар, жылдың ең мықты футболшысы атағын "Челси" ойыншысы Сэм Керр де иеленді.
ESPY Award – америкалық ESPN телеарнасының өткен жыл қорытындысы бойынша табыстайтын сыйы. 1993 жылдан бері бұл сый лауреаттарын жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықтайды.