Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Катардағы жартылай финалдық матчтен кейін Марокконың қорғаушысы Ашраф Хакимиге қолдау сөзін жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, финалға жолдама үшін матчте франциялық команда марокколықтарды 2:0 есебімен ұтты. Айта кетейік, Мбаппе мен Хакими бір клубта - ПСЖ командасында ойнайды.
"Мұңайма, бауырым. Бәрі сенің ісіңді мақтан тұтады, сен тарихта атыңды қалдырдың", - деп жазыпты Мбаппе "твиттер" желісінде.
Мына суретте Дидье Дешам да Хакимиге қолдау білдіріп, жылулық танытып тұр.
Ал Гризманн көңілі түсіп кеткен Джавад Әл-Ямикке жерден тұруға көмектесіп, қоллдауын білдіріп тұр.