Мбаппе голдар саны бойынша Ибрагимовичтен озды
©sports.ru
Килиан Мбаппе ПСЖ сапындағы 114-голын соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Килиан Мбаппе ПСЖ сапындағы 114-голын соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Франция чемпионатының 35-турында "Страсбур" өз алаңында париждік клубты қабылдады. Аталмыш матчта алты гол (3:3) соғылды. Ал Килиан Мбаппе дубль авторы атанды. Осылайша, ол Златан Ибрагимиовичті голдар саны бойынша басып озды. Швеция құрамасының экс форварды 2012-2016 жылдары ПСЖ сапында 122 ойында 113 гол салған еді. Ал 2018 жылдан бері "Пари Сен-Жерменде" ойнайтын Мбаппе болса 114-голының авторы атанды.
Еске салайық, Килиан Мбаппе Франция құрамасымен 2018 жылғы мундиальда әлем чемпионы атағын жеңді.
Жарнама