Футбол
26 маусым 13:08

Мбаппе Еуро матчі кезінде Левандосвскиді боқтады. Польшалық әдейі істеді ме?

©Global Look Press

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңіндегі үшінші тур матчінде Польша командасының форварды Роберт Левандовскиге тіл тигізді, деп жазады Vesti.kz.

Ladepeche мәліметінше, оқиға матчтің 88-минутында болды, польшалық футболшы Мбаппенің мұрнына тиіп кетті. Осы кезде франциялық Робертті "иттің баласы" деп атап, бетпердесін шешіп, мұрнын ұстап көрді. 

D тобындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матчте Мбаппе де, Левандовски де пенальтиден гол салды. 

Осы матчтен кейін 1 ұпай ғана жинаған Польша жарыстан шығып қалды, ал Франция топта екінші орынмен плей-офф кезеңге өтті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport