Мбаппе емес. Әлемнің ең қымбат ойыншысы анықталды

©AFP

"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд әлемнің ең қымбат футболшысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Transfermarkt сайтының жаңартылған рейтингінде Холанд ең қымбат ойыншы атанып отыр.

Жаз айынан бері трансферлік құны 20 миллион еуроға қымбаттаған "Манчестер Сити" ойыншысы 170 миллион еуро тұрады. Салыстырмалы түрде ПСЖ форварды Килиан Мбаппені неміс сайты 160 миллион еуроға бағалап отыр.

Үздік үштікті "Реал" ойыншысы Винисиус Жуниор түйіндеді. Бразилия құрамасының вингері 120 миллион еуро тұрады. Ал Холандтың клубтасы Фил Фоден 20 миллионға қымбаттап, трансферлік құны 110 миллионға дейін өсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар