Футбол
Бүгін 10:32

Мбаппе дубль жасады. "Реалдың" Ла Лигадағы матчі 4:1 есебімен бітті

©ogfoto@yahoo.es/depositphotos.com

Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының (Ла Лига) 9-туры аясында "Севильяны" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридте өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. "Корольдік клуб" бірінші таймда екі гол соғып, үзілістен кейін басымдығын арттырды. Қонақтар бір голмен жауап берді.

Алаң иелері сапында Арда Гюлер (30-минут), Килиан Мбаппе (37, 63-минуттарда, пенальтиден) және Ян Диоманде (82-минут) гол соқты. Ал "Севильяның" жалғыз голын Ману Буэно (80-минут) өз есебіне жазды.

21 ұпай жинаған "Реал" турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал 14 ұпайы бар "Севилья" алтыншы сатыда орналасқан.

Келесі турда "Реал" 25 қазанда сырт алаңда каталондық "Барселонамен" кездеседі. Ал "Севилья" 26 қазанда өз алаңында "Осасунамен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport