| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:44
 

Мбаппе де, тіпті Месси де емес: ӘЧ-2026-да әлемнің үздік ойыншысы кім екені айтылды

  Пікірлер

blog.share

Мбаппе де, тіпті Месси де емес: ӘЧ-2026-да әлемнің үздік ойыншысы кім екені айтылды ©instagram.com/kff_team

Испания құрамасының вингері Нико Уильямс 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы Францияға қарсы жартылай финалы қарсаңында Килиан Мбаппе мен Ламин Ямальмен салыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испания құрамасының вингері Нико Уильямс 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы Францияға қарсы жартылай финалы қарсаңында Килиан Мбаппе мен Ламин Ямальмен салыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мбаппе – керемет ойыншы. Бірақ бізде әлемнің ең үздік футболшысы бар. Ол – Ламин Ямаль", – деп береді Уильямстың сөзін The Touchline.

Испания құрамасы Францияға қарсы матчқа сәтті сериямен келеді. Соңғы екі ресми кездесуде "Қызыл фурия" франциялықтарды екі рет те жеңген.

Алдымен Луис де ла Фуэнте шәкірттері 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында 2:1 есебімен басым түссе, кейін 2025 жылғы Ұлттар лигасының жартылай финалында тартысқа толы матчта 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Испания мен Франция арасындағы ендігі кездесу 15 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы "AT&T Stadium" аренасында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!