Футбол
Кеше 11:26

Мбаппе де, Холанд та емес екен. Қазіргі таңдағы ең мықты шабулшы кім екені айтылды

©arsiv.mackolik.com

Миландық "Интер" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лаутаро Мартинес қазіргі таңда футболдағы ең мықты орталық шабуылшы кім екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лаутаро әлемдегі ең мықты шабуылшыны таңдады

Аргентиналық футболшының айтуынша, ол норвегиялық Эрлинг Холандты да, франциялық Килиан Мбаппені де емес, мюнхендік "Бавария" клубының шабуылшысы Харри Кейнді үздік форвард екен.

"Мен үшін Харри Кейн - әлемдегі үздік шабуылшы. Тіпті мен оны Холандтан да жоғары қоямын. Себебі ол допты керемет бақылап, алаңдағы ойын байланысын ұйымдастырады, ойынды жақсы оқиды әрі әуедегі доптарда өте мықты. Кейн - феномен", - деді Лаутаро Мартинес Touchline басылымына берген сұхбатында.

Кейннің керемет маусымы

Харри Кейн "Бавария" сапына 2023 жылдың жазында лондондық "Тоттенхэм" клубынан 95 миллион еуроға ауысқан болатын.

Ағылшын шабуылшысының мюнхендік клубпен келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Қазіргі маусымда 32 жастағы форвард тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Ол барлық турнирде 50 матч өткізіп, 57 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport