ESPN әлемдегі үздік орталық шабуылшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тізімнің бірінші орнына "Бавария" шабуылшысы Харри Кейн жайғасты. Англиялық футболшы сондай-ақ "Алтын допты" жеңіп алуға басты үміткерлердің бірі саналады.
Екінші орын "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге бұйырды. Үздік үштікті "Манчестер Сити" сапында өнер көрсететін Эрлинг Холанд түйіндеді.
Үздік ондықта ары қарай Усман Дембеле, Хулиан Альварес, Лаутаро Мартинес, Кай Хаверц, Жоау Педро, Виктор Осимхен және Уго Экитике тұр.
Айта кетейік, қазіргі "Алтын доп" иегері - Усман Дембеле.