ПСЖ Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы раундында "Ювентусті" ұтты (2:1), деп хабарлайды Vesti.kz.
Париждіктер сапында бір голды 13-минутта Килиан Мбаппе салды. Opta Sports мәліметінше, Ол Чемпиондар лигасында 40 гол салған ең жас футболшы болып отыр. Осы ойын кезінде Килианға 23 жас, 10 ай және 13 күн болған екен.
Мұның алдындағы осындай жетістік Лионель Мессиде еді. Аргентиналық футболшы ЧЛ-дегі 40 гол межесіне 24 жас, 4 ай және 8 күнінде жеткен.