Мбаппе Чемпиондар лигасы финалын кім ұтатынын айтты

©twitter.com/KMbappe

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы финалында "Манчестер Сити" мен "Интер" арасында кім жеңімпаз болатынын айтты. Шешуші матч 10 маусым Ыстамбұлда өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПСЖ командасы биылғы ЧЛ-дің 1/8 финалына дейін жетіп, "Бавариядан" ұтылды (0:1, 0:2).

"Финалды тамашалаймын. Өте қызықты ойын болады. Меніңше, "Манчестер Сити" ұтады", - дейді Мбаппе. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport