Мбаппе Чемпиондар лигасы алдында жарақат алды

©

ПСЖ командасының форварды Килиан Мбаппе Франция лигасындағы "Монпельеге" қарсы ойында жарақат алды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Ойыншы 3 аптаға жуық емделеді. Бұл оның париждік клубтың Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі "Баварияға" қарсы алғашқы ойынына қатыса алмайды деген сөз. 

ПСЖ мен "Бавария" арасындағы 1/8 финалдағы бірінші ойын 14 ақпан күні өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: