Мбаппе "Барселонамен" матчтен кейін Хабиб Нурмагомедовке футболкасын сыйлады

Сурет: Reuters

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы "Барселона" мен ПСЖ арасындағы матчті барып тамашалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойыннан кейін Хабиб франциялық клуб шабуылшысы Килиан Мбаппеден сыйлыққа футболка алды.

"Мбаппе, хет-трикпен. "Барселонаға" болғаны екі есе жағымды", - деп жазыпты ресейлік спортшы.

Еске салайық, ойын "Камп Ноу" стадионында өтіп, 1:4 есебімен аяқталды. Командалардың қарымта ойыны 11 наурыз Францияда өтеді.