Футбол
2 қараша 12:25

Мбаппе әйгілі Анридің рекордын басып озды

©

Килиан Мбаппе Еуропаның топ-5 лигасындағы голдар саны бойынша аты аңызға айналған Тьерри Анриден ресми түрде озып түсті, деп хабарлайды Vesti.kz 365Scores-қа сілтеме жасап.

Ла Лиганың 11-турында өткен «Валенсияға» (4:0) қарсы ойында Мбаппе дубль жасады. Енді оның еншісінде 290 матчта соғылған 234 гол бар. Ал Анридің көрсеткіші — 459 ойында 233 доп.

Бұған дейін Мбаппенің бұрынғы «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдудың жетістігін де жаңартқаны хабарланған болатын.

Мбаппе мадридтік клубтың намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Ол ПСЖ-дан еркін агент ретінде өтіп, 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Осы маусымда шабуылшы «Реал» сапында 14 матч өткізіп, 18 гол соғып және 2 нәтижелі пас берген.

«Реал» 30 ұпаймен Ла Лига турнир кестесінде көш бастап тұр. 9 қараша күні Хаби Алонсоның командасы Испания чемпионатының 12-турында сырт алаңда «Райо Вальеканомен» кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport