Мбаппе артқа жылжы! Роналду 37 жасында ең табысты футболшы атанды

31 желтоқсан 2022 11:51
©twitter.com/Cristiano

37 жастағы португалиялық форвард Криштиану Роналду футбол тарихында табысы ең жоғары футболшы атанды, деп хабарлайды Marca.

Жарнамалық келісімшарттарды қоса алғанда Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында футболшыға бір маусымда 200 миллион еуро төленеді. Бұған дейін ешбір футболшыда мұндай келісімшарт болмаған. 

Осыған дейін әлемдегі ең қымбат футболшы Килиан Мбаппе еді, Катардағы ӘЧ-ден кейін оның құны 180 миллион еуроға дейін барған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport