Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының екінші турында алматылық "Қайраттың" қақпасына хет-трик салып, шоу жасаады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Франциялық футболшыны осы арқылы клуб тарихына атын жазып отыр. Мбаппе – "корольдік клуб" сапында турнирдің бір маусымында алғашқы үш голды соққан тұңғыш ойыншы, деп жазады Opta.
3 - Kylian Mbappé is the first player to score each of Real Madrid's first three goals in a single UEFA Champions League campaign. Infallible. pic.twitter.com/cLv1YRkQJW
— OptaJose (@OptaJose) September 30, 2025
2025/26 жылғы маусымды Килиан керемет бастап "Реал" сапындағы тоғыз кездесуде 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Чемпиондар лигасында Мбаппе мергендер жарысында көш бастап тұр – оның еншісінде бес гол. Оны "Бавария" ойыншылары Харри Кейн мен Майкл Олисе, сондай-ақ, "Айнтрахт" шабуылшысы Жонатан Буркардт өкшелеп келеді – әрқайсысында төрт голдан.
Жарнама