Мбаппе ӘЧ финалында тарихи көрсеткішке жете алды

19 желтоқсан 2022 09:27
©twitter.com/FIFAWorldCup

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Катарда өткен ӘЧ финалында хет-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПСЖ командасында өнер көрсететін форвард 80, 81 және 118-минутта гол салды. Sqawka мәліметінше, Килиан осылай әлем чемпионаты финалдарында ең көп гол салған футболшы болып отыр. 

Сонымен қоса, ол әлем чемпионаттарында салған доп саны бойынша Лионель Месси мен Пелені қуып жетті - 12 гол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар