Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдан әлем чемпионаттары тарихында жаңа жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл көрсеткішке ол 1/16 финалында Швецияны 3:0 есебіменн ұтқан матчта жасаған дубль арқасында жетіп отыр.
Мбаппе жаңа рекорд орнаттыSquawka мәліметінше, "Реалдың" шабуылшысы әлем чемпионаттарында жеті матчта екі немесе одан да көп гол соққан алғашқы футболшы атанды.
Бұған дейін Мбаппе Ирак (3:0), Сенегал (3:1), Аргентина (3:3, пенальтиде 2:4, 2022), Польша (3:1, 2022), Дания (2:1, 2022) және Аргентинамен (4:3, 2018) өткен кездесулерде екі немесе одан көп голдың авторы болған.
Мессимен бір деңгейге жеттіШвеция қақпасына соққан екі голдан кейін Мбаппенің ӘЧ-2026-дегі гол саны алтыға жетті. Осылайша, ол турнирдің үздік сұрмергені Лионель Мессимен теңесті.
Алайда аргентиналық шабуылшы алты голын небәрі үш матчта соқса, Мбаппе төрт кездесу өткізді.
Сонымен қатар, Швециямен ойындағы екінші гол франциялық ойыншы үшін әлем чемпионаттарындағы 18-шісі болды. Ол бұл көрсеткішке небәрі 18 матчта жетті.
Әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген әзірге Лионель Месси болып қала береді. Аргентиналықтың еншісінде 29 матчта соғылған 19 гол бар.
ӘЧ-2026-дағы жаңа көшбасшыСонымен бірге, Мбаппе қазіргі әлем чемпионатында "гол+пас" жүйесі бойынша жеке-дара көш бастады. Франциялық шабуылшы төрт матчта 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Оның еншісінде сегіз нәтижелі әрекет бар.
Осы көрсеткіш бойынша ол үш кездесуде алты гол соққан Лионель Мессиден озып отыр.